Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес елімізде битум өндірісін ұлғайту қажет. 2022 жылға битум өндіру жоспары 726 мың тоннаны құрады, іс жүзінде 8 айда шамамен 600 мың тонна өндірілді. QazaqBitum бойынша өндіріс жоспарының орындалмауы – басқа МӨЗ-дермен салыстырғанда битумға бағаның жоғары болуына байланысты жол-құрылыс компанияларынан өтінімдердің болмауымен түсіндіріледі, өйткені QazaqBitum оны импорттық шикізаттан өндіреді, - деді Ақшолақов.
Министр атағандай, QazaqBitum-дағы битум бағасы (тоннасына 225 мың теңге) ресейлік гудронды сатып алуды ескере отырып, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы бағалармен салыстырғанда (тоннасына 200 мың теңгеге дейін) оларға тең немесе төмен.
Осылайша, QazaqBitum жұмыс орындарын қамтамасыз ететінін және қосылған құнды құрайтынын ескере отырып, QazaqBitum өндірістік қуаттарын пайдалану орынды деп санаймыз. Қазақстан Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының келіссөздері нәтижесінде гудрон импортының көлемі 280-ден 430 мың тоннаға дейін ұлғайғанын атап өткім келеді. Қазіргі уақытта алушы-берушілер– ірі мұнай жеткізушілері (ҚМГ, Петросан, Каспий Битум) битумды Автомобиль жолдары комитеті ұсынған жол компанияларының тізбесі бойынша тиеп-жөнелтуді жүргізіп жатыр, - деді Болат Ақшолақов.