Өздеріңіз білетіндей қараша айының үшінші жексенбісі Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биылғы жылы бұл күн бүкіл ел үшін тағы бір маңызды оқиға - Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күніне сәйкес келіпті.
Сала қызметкерлері үшін жылдың басты мерекесіне ауыл еңбеккерлері жақсы нәтижелермен келді. 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы экономикадағы ең жоғары өсу қарқынын көрсетті, нақты айтқанда жалпы өнімінің көлемі жыл басынан бері 8,2% - ға ұлғайып, 8,1 трлн теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім барлық бағыттар бойынша қол жеткізілді. Әсіресе астық саласындағы жетістіктер ерекше. 22,1 млн тонна дәнді және бұршақты дақылдар бастырылды және бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, - деп жазды ол.
Сондай-ақ азық-түлік өндірісінің көлемі 3,5% - ға өсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да жанданды.
Оның көлемі бірінші жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44% - ға өсіп, 3,3 млрд.долларға жетті. Бұл біздің шаруалардың қажырлы еңбегімен келген нәтиже. Мұндай жетістіктерге жетуде саланы мемлекеттік қолдау шараларын күшейтудің маңызды рөл атқарғанын атап өткен жөн. Биылғы жылы әлемдік экономикадағы күрделі жағдайды ескере отырып, мемлекет ауыл шаруашылығын субсидиялау көлемін 1,5 есеге арттырды.
Сонымен қатар, биыл қол жеткізген жетістіктер бізді оларды бекітіп қана қоймай, өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етілді. Маңыздысы, саланы жаңа технологиялық деңгейге шығару есебінен одан әрі дамытуға міндеттейді. Министрлік аталған шаралар шеңберінде қазіргі кезде мемлекеттік қолдаудың және бірінші кезекте субсидиялаудың ынталандырушы рөлін күшейтуге бағытталған кешенді жұмыс жүргізіп жатыр, - деді министр.
Атап айтқанда субсидиялау жүйесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша төмендететін жаңа цифрлық платформаға ауыстырылады және оның қызметтері фермерлер үшін тегін болады.
Жерді пайдалану үдерістерін бақылауды күшейту бойынша жұмыстар жандандырылды. Осы жылдың өзінде 5 млн гектардан астам игерілмеген жерлер тәркіленді, олар агробизнесті жүргізу үшін жерге шынымен мұқтаж жандар арасында қайта бөлінеді және бірінші кезекте бұл жерлер жеке қосалқы шаруашылықтарды, яғни ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз етудің қазіргі проблемасын шешуге бағытталатын болады.
Саланы техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруға ерекше назар аударылады. Ол үшін қосымша қажетті қаражат бөлініп, инвестициялық субсидиялау бағдарламасы кеңейтіледі.
Қабылданып жатқан шаралар саланың даму қарқынын одан әрі жеделдету үшін жақсы негіз қалайтынына сенімдімін, ал ауыл тұрғындарының қажырлы еңбегі біздің ауыл шаруашылығымызды жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Құрметті ауыл еңбеккерлері, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасында амандық және еңбектеріңізде мол өнім тілеймін!, - деді Ербол Қарашөкеев.