Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл шілде айынан бастап елімізде 4 күндік жұмыс аптасы қосылатыны айтылды. Бұл тәжірибе қалай жүзеге асып жатыр? 4 күндікке көшіп жатқан мекемелер бар ма? Осы сұрақтарға министр жауап берді.
Бұл жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бойынша шешіледі. Жұмысшы құжатты қарап, «осы жұмада 4 күн жұмыс істеймін, ендігі жұмада 5 күн істеймін» деп өзіне график жасап ала алады. Яғни жұмыс берушімен келісе отырып, реттейді, - деді Жақыпова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, Светала Жақыпова депутат Ринат Зайытовтың ұсынысына жауап берген болатын.