Министр 1 дәрігерге іс жүзінде қанша адам қаралатынын айтты

21 Қазан 2019, 17:06
3725
Бөлісу:
Министр 1 дәрігерге іс жүзінде қанша адам қаралатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін сенаттағы үкімет сағатында  денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жас мамандардың арқасында осы жылы алғашқы медициналық көмек дәрігерлерінің тапшылығы азайғанын айтты.

"Биылғы жылы 1 300 дәрігерлік бөлімше ашылды және әр бөлімше жүктемесі 1 658 адамды құрады. Алайда кадрлардың жұмысты қоса атқаруы мен тапшылығына байланысты 1 дәрігерге іс жүзінде бекітілген халық саны 1 900 адамды құрайды. Жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа тартудың арқасында осы жылы алғашқы медициналық көмек дәрігерлерінің тапшылығы 900 адамға төмендеді", - дейді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, цифрландыру емханалардағы кезекттерді 30%-ға төмендетуге мүмкіндік берген. 

"Шұғыл емес шақыруларды жедел жәрдемнен бөлімше дәрігерлеріне бергеннен кейін жыл ішінде жедел жәрдем шақырулары 25%-ға төмендеді. 2022 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қоса алғанда 595 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісі салынды. Бұл алғашқы көмек объектілерін ірілендіруге және олардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы