Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ересек адамдардың ағзасына сүт және қышқыл сүт өнімдері зиян келтіре ме? Масс-маркеттерде таза сүт өнімдерінің қалмағаны қаншалықты рас? Сарапшылар сүт пен сүт өнімдеріне қатысты танымал мифтерді жоққа шығарды.
Диетология, педиатрия және сүт өндірісінің сарапшылары әлеуметтік желілерде қазақстандық қолданушылар арасында кеңінен талқыланған сүт пен қышқыл сүт өнімдеріне қатысты болжамдарға жауап берді.
Қазіргі таңда Қазақстан халқының арасында күнделікті тағам рационынан сүт өнімдерін алып тастау секілді пікірлер орын алып барады. Оның тағам құрамында өзге заттар болуы жайлы болжамдардан бастап, ересек адамдардың ағзасында сүттің сіңірілмейтіні туралы қауесеттің таралуы секілді әр түрлі себептері бар.
Евгения Соколовская, ресейлік дәрігер-диетолог, педиатр, И.И.Мечников атындағы институтының сертификаты бар балалар диетологы сүт өнімдерінің ересек адамдардың ағзасына зиян екендігін жоққа шығарады.
Сүт өнімдерінің әртүрлі жастағы адамдарға маңызы зор. Сүт өнімдерін тұтынудан бас тарту остеопороз ауруының пайда болуына жол береді. Тіпті, ағазаның лактоза мен сүт қантын қабылдамайтын жағдайында да дәрігерлер таза қышқыл сүтті тағамдарға, мысалы, йогуртқа алмастыруға кеңес береді. Бұл ағзаның қажетті мөлшерде ақуыз бен кальцийдің сіңіруіне өте қажет, - деді ол.
Сондай-ақ, көпшілік арасында ұзақ мерзімге жарамды сүт пайдасы жайлы күмәнді пікірлер кеңінен таралып келеді. Сарапшының айтуы бойынша, заманауи зауыттарда жоғары деңгейдегі асептика мен өндіріс талаптары орындалған кезде ғана шығарылған сүт пайдалы қасиеттерін сақтай келе, дүкен сөрелерінде 2 аптаға дейінгі мерзімге жарамды болады.
Ұзақ мерзімге (алты айға дейінгі) жарамды сүт - ультрапастерленген сүт. Ол термо өңдеу мен қаптама арқасында ұзақ сақталады. Бұл сүт өңдеудегі заманауи әрі құнтты тәсіл. Сүтті 135-137 °C ысытып, бірден 4-5 °C салқындатады. Сол кезде бактериялар жойылады, бірақ 2-4 секундтық өңдеудің арқасында сүттің пайдалы қасиеттері (ақуыз, көмірсулар, кальций) сақталады, - деп түсіндірді сарапшы.
Қазақстан Сүт Одағының оңтүстік аймағы бойынша ресми өкілі мен сарапшы топтың мүшесі Дінмұхамед Айсауытов қазақстандық тұтынушыларға сапасы күмән келтіретін базарлар мен дүңгіршектерде сатылатын жеке қожалықтардың сүтін пайдалану қауіпті екендігін ескертеді.
Супермаркет сөрелеріндегі сүт өнімдері шикізат сапасы мемлекеттік мен ішкі қадағалау мекемелерінің бақылауынан өткен жеке шаруа қожалықтарынан алынған зауыт-фабрикалардан жеткізіледі. Жеке қожалықтардан алынатын сүт құрамында кездесіп қалатын патогенді бактериялар жоғары стандартты және азық-түлік қауіпсіздігі сақталған ірі сүт өндіруші мекемелерінен алынатын сүтте болмайды. Базар мен дүңгіршектерде сатылатын сүт өнімдерінде адам өміріне қауіпті, құрамында денсаулыққа кері әсерін тигізетін патогенді микрофлора және антибиотиктер кездесуі мүмкін, - дейді Айсауытов.
Сүт өнімдерінде, әсіресе йогурттарда кездесетін пайдалы бактериялар жайлы қышқыл сүт өнімдерін шығаратын Danone компаниясының Қазақстан мен Ресей елдеріндегі сыртқы байланыс пен корпоративті қатынастар менеджері Анна Жаравина өндіріс жағдайында ғана таза йогурт алуға болатынын айтты.
Тек өндірістік жағдайда ғана барлық пайдалы қасиеттерін сақтайтын, таза йогурт өнімін алуға болады. Danone компаниясының қоржынында Activia мен Actimel секілді пробиотикалық қышқыл сүт өнімдері бар. Олардың адам ағзасына оңтайлы әсері мен пайдасы жайлы көптеген клиникалық сараптамалар жүргізіліп, дәлелденген, - деп атап өтті ол.
Сүт пен қышқыл сүт өнімдеріне қатысты осы және өзге мәселелер "Danone-мен таңғы ас" жобасы аясында талқыланды.