Милана Парфилова Ресейдегі халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды

Ресейдің Омбы қаласында екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгения Канаеваның жүлдесі үшін жарыс өтуде. Аталған сында қазақстандық Милана Парфилова көзге түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 olympic.kz 9 Маусым 2024 2024, 22:52
9 Маусым 2024 2024, 22:52
712
Фото: olympic.kz

Ресейдің Омбы қаласында екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгения Канаеваның жүлдесі үшін жарыс өтуде. Аталған сында қазақстандық Милана Парфилова көзге түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Милана таспамен жаттығуда қола, шығыршықпен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды.

Одан бөлек, топтық жаттығудан Қазақстан командасы бес шығыршықпен жаттығуда турнирдің күміс медалін иеленді. Қазақстан командасы көпсайыста қолаға қол жеткізген болатын.

Наверх