Милад Карими әлем кубогында кезекті рет чемпион атанды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Мысырда өтіп жатқан әлем кубогының кезекті кезеңінде тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 ҰОК баспасөз қызметі 29 Сәуір 2025 2025, 10:25
29 Сәуір 2025 2025, 10:25
726
Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Мысырда өтіп жатқан әлем кубогының кезекті кезеңінде тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спортшы кермедегі жаттығулар бағдарламасында ең жоғары нәтиже көрсетіп, төрешілер тарапынан 14,466 ұпайға ие болды.

Бұл сында Кипр өкілі Мариос Георгиу 14,066 ұпаймен күміс жүлдегер атанса, швейцариялық Ноэ Сейферт 13,866 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.

Милад Карими бұған дейін еркін жаттығулар финалында да топ жарып, алтын жүлде иеленген еді. Осылайша, ол жалпы есеп бойынша да әлем кубогының чемпионы атанып отыр. Қазіргі таңда оның қоржынында әлем кубогынан 6 алтын медаль бар.

Еске сала кетейік, 19 сәуір күні Карими Дохада өткен әлем кубогы кезеңінде де алтын медаль иеленіп, кермедегі жаттығулар финалында үздік шыққан болатын.

Наверх