Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек қараша айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.
Билектің тізіміне 23 футболшы енген:
Қақпашылар: Дмитрий Непогодов ("Ордабасы"), Стас Покатилов ("Қайрат"), Игорь Шацкий ("Шахтер");
Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмирий Шомко (бәрі де – "Астана"), Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев (екеуі де – "Қайрат"), Александр Марочкин ("Қайсар"), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де – "Ордабасы"), Олжас Керімжанов ("Жетісу"), Ян Вороговский ("Беерсхот", Бельгия);
Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух ("Астана"), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат (бәрі де – "Қайрат"), Асхат Тағыберген ("Қайсар"), Бактиер Зайнутдинов ("Ростов", Ресей);
Шабуылшылар: Максим Федин ("Тобыл"), Алексей Щеткин ("Ордабасы"), Абат Айымбетов ("Ақтөбе").
Резерв: Владимир Плотников, Еркебұлан Сейдахмет (екеуі де – "Қайрат"), Асланбек Кәкімов ("Ақтөбе"), Серікжан Мужиков, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко (бәрі де – "Астана"), Аслан Дарабаев, Еркін Тапалов, Айбар Жақсылықов (бәрі де – "Жетісу"), Думан Нәрзілдаев ("Қайсар"), Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов, Тоқтар Жаңғылышбай (бәрі де – "Ордабасы"), Виктор Дмитренко, Азат Нұрғалиев, Бауыржан Тұрысбек, Руслан Валиуллин, Дмитрий Мирошниченко (бәрі де – "Тобыл"), Геворг Наджарян ("Шахтер").
Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда екі ойын өткізеді. 16 қараша күні Сан-Марино құрамасымен ойнайды. Ал 19 қараша күні Шотландиямен кездеседі.