Мейрам Қажыкеннің сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

21 Қазан 2022, 21:00
1635
Бөлісу:
Мейрам Қажыкеннің сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

Астанада 21 қазан күні Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкеннің сайлауалды штабының ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Штаб Сығанақ көшесі 43, "Аңсар" бизнес-орталығы мекенжайында орналасқан. Бұл күні сонымен бірге оның үгіт-насихат науқаны да басталды.

Мейрам Қажыкен келген қонақтарға өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Бағдарламаның басты фокусы – жасы, жынысы, ұлты, діні мен әлеуметтік мәртебесіне тәуелсіз Адам болып табылады. Бағдарлама барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оларды іске асыру үшін баршаға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Президенттікке үміткер азаматтық қоғам мен әлеуметтік серіктестік бағдарламаның басты негізіне айналғанын түсіндірді.

Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде кәсіподақ мүдделерін көрсететін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы диалог ықпал етеді. Біз заңнамалық деңгейде тараптар диалогын қолдану аясын кеңейтуге, сол арқылы әлеуметтік әріптестік институтын жетілдіруге ниеттіміз, - деді Мейрам Қажыкен.

Мейрам Қажыкеннің сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

Кандидаттың айтуынша, міндеттер күрделі, алайда оларды орындау мүмкін, себебі бұл бағыттар экономиканың барлық салаларындағы реформаларға бағытталған.

Мейрам Қажыкенді оның серіктесі Андрей Пригорь – республикалық кәсіподақтар бірлестігінің басшысы қолдады. Ол кәсіподақтар алдағы сайлаудан айтарлықтай өзгерістерді күтетіндігін атап өтті.

Мейрам Зекешұлы өз бағдарламасында атап өткендей, кәсіподақтар жұмысшылардың мүдделерін толық қорғау үшін саяси шешімдер қабылдауға қатысуы керек. Ол үшін олардың мәртебесін заңнамалық тұрғыдан көтеріп, кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестермен, яғни мемлекеттік органдармен және жұмыс берушілермен қарым-қатынасының кез келген деңгейінде ықпал ету тетіктерін беру қажет, - деді А.Пригорь.

Мейрам Қажыкен, кәсіподақтар достастығының басшысы –қазақстандықтардың әлеуметтік қауіпсіздігімен және әділетсіздікпен, теңсіздікпен күресу үшін барлық қажетті шараларды енгізуге дайын көшбасшы екенін атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы