Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі журналист, Қазақ радиосының ардагері Мейрам Байғазин ел тарихындағы біраз келелі мәселені айтты.
Қазақ радиосының 100 жылдығына орай өткен сұқбат барысында ардагер журналист Желтоқсан оқиғасының қалай болғанын, КПСС-тың 28 съезі қалай өткенін сөз етті.
Сонымен қатар ол сол кезде Қазақ радиосының журналисі ретінде Мәскеуден хабар таратудың қиындықтары мен олқылықтары туралы баяндады.
Қарт журналист өміріне өшпес із қалдырған журналистік сала жайлы өз толғамдары мен тәжірибесін ортаға салды.
Бүгінде көп айтыла бермейтін Кеңес Одағы ыдыраған тұстағы Одақ басшыларының әрекеті де ардагер журналистің назарынан тыс қалмады.