Қазақстанда «Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясы өз мәресіне жетті. Бұл бастама қоғамдағы қолдау мәдениетін нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және жастарды игі істерге тартуға бағытталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Он күн бойы еліміздің барлық өңірінде жастар ұйымдары мен волонтерлер қайырымдылық іс-шараларын өткізді.
Акцияның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналды. Атап айтсақ, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету, қарттар үйі мен балалар үйіне қолдау білдіру, медициналық мекемелерде донорлық акциялар ұйымдастыру, аз қамтылған отбасыларға көмек беру, сондай-ақ коммуналдық қызмет саласы қызметкерлерін қолдау бойынша жобалар жүзеге асты.
Іс-шараға жалпы 10 мыңға жуық қазақстандық қатысты.