Мейірім Нұрсұлтановтың WBC чемпионымен жекпе-жегі ресми белгіленді

Бүгiн, 16:46
374
Бөлісу:
Мейірім Нұрсұлтановтың WBC чемпионымен жекпе-жегі ресми белгіленді
Фото: prosport.kz

WBC ұйымы Мейірім Нұрсұлтанов пен доминканалық Карлос Адамес арасындағы жекпе-жек өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) орта салмақ чемпионы доминканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) кездеседі.

22 ақпанда Адамес өз титулын британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 KO) айқаста қорғап қалды. Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өткен бұл жекпе-жек тең аяқталды.

Бұл айқастан кейін ұйым доминиканалықты Нұрсұлтановпен жекпе-жекке міндеттеп отыр.

Бұл айқастың қазақстандық бокс үшін маңызы зор. Себебі WBC шешімі бойынша жеңімпаз әлем чемпионы ретінде Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 КО) кездесу өткізуге міндетті. Қазіргі уақытта Нұрсұлтанов WBC рейтингінде үшінші орында тұр.

Өзгелердің жаңалығы