Металлург: Көмірді қолданудан бас тарту – өте күрделі мәселе

1 Маусым 2023, 12:36
722
Бөлісу:
Металлург: Көмірді қолданудан бас тарту – өте күрделі мәселе
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Еліміздің көмірді қолданудан бас тартуы – өте күрделі мәселе, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Металлург: Көмірді қолданудан бас тарту – өте күрделі мәселе

Бұл туралы Қазақстанның тау-кен өндірісі кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директорының орынбасары Төлеген Мұқанов мәлімдеді.

Металлург: Көмірді қолданудан бас тарту – өте күрделі мәселе

Тау-кен металлургия саласы – еліміздегі ең маңызды салалардың бірі. Соның ішінде қара металлургия, көмір өндірісінің мәні зор. Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілетін энергияның 72 пайызында көмір пайдаланылады. Басқа да жеке тұрмыстық жағдайлар да көмір қолданылады. Табиғаттың берген байлығы 200-300 жылға жетеді, көмірдің сапасы өте жоғары. Біз жыл сайын осы форумды өткіземіз. Көп мәселе күн тәртібіне енгізілуде. Солардың бірі – 2060 жылға дейін біртіндеп көмір өндіруді азайтып, бейтараптандыру, - деп атап өтті қауымдастық басшысының орынбасары елордада өтіп жатқан көмір өнеркәсібіне арналған форумның алдында берген сұхбатында.

Металлург: Көмірді қолданудан бас тарту – өте күрделі мәселе

Айтуынша, бұл жай мәселе емес.

Бұл жай іс емес, саяси-әлеуметтік мәселе деп айтуға болады. Себебі көмір саласында 30 мыңнан артық қазақстандық жұмыс істейді. Моноқалалардың бәрі көмір өндірумен айналысады. 20, тіпті 30 жылдан кейін де біз баламалы энергиямен көмірдің орнын ауыстыра алмаймыз. Бұл мүмкін, Еуропа елдерінде қол жеткізуге болатын мәселе болар. Алайда дәл қазіргі уақытта біз үшін күрделі проблема, - деді Төлеген Мұқанов.

Металлург: Көмірді қолданудан бас тарту – өте күрделі мәселе

Айта кетейік, Астанада еліміздің көмір өнеркәсібіне арналған форум өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы