Астаналық полицейлер металл қабылдайтын орындарды тексеруде

25 Қаңтар 2019, 12:16
2476
Бөлісу:
Астаналық полицейлер металл қабылдайтын орындарды тексеруде

Астана, BAQ.KZ. Елордадағы металл қабылдау орындары үш күн бойы тексеріледі. Бұл туралы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұрланған кабельдерді, аккумуляторларды, кәріз люктерін, құрылыс материалдарын және басқа да қара, түсті металдарды қабылдауды жүзеге асыратын пунктерді анықтау мақсатында Астана қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы Криминалды полиция басқармасымен бірлесе отырып, елорда аумағында осы жылдың 24-26 қаңтар аралығында «ЦВЕТМЕТ» жергілікті-рейдтік іс-шараларын жүргізуде. 

Мәселен, өткен тәулікте полиция қызметкерлерімен 30-ға жуық металл қабылдау пункттері тексеріліп, онда Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру ережелерін бұзғаны үшін 20-ға жуық азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 492-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сонымен қатар, Үшкөпір көшесіндегі металл қабылдайтын пункттердің бірінен полиция қызметкерлері 100 кг түсті металды (кабель) анықтаған. Аталған факті бойынша айғақты заттар тәркіленіп, тексеру жүргізілуде.

 



Өзгелердің жаңалығы