Мессидің шектен шыққан эмоциясы. Ол Ван Галға не айтты?

10 Желтоқсан 2022, 14:10
24254
Бөлісу:
Мессидің шектен шыққан эмоциясы. Ол Ван Галға не айтты?

Нидерланды мен Аргентина арасындағы матч ойыншылардың қақтығысына толы болды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Кеше екі құрама арасындағы ойын 2:2 есебімен (пенальти 4:3) Аргентинаның пайдасына шешілген еді.

Соңғы ысқырықтан соң Месси мен командаластары жеңісті тойлауға кіріскен. Алайда, Месси нидерландық бапкерлер тұрған штабтың қасына барған.

Журналистердің дерегінше:

Лео Месси «Ал, сіз мені тоқтаттыңыз ба?» деп сұраған. Және қолын шошайтып, ерсіз қылық көрсеткен.

Осыдан кейін Ван Гал мен аргентиналықтың қасына Эдгар Дэвидс пен көмекшілері келді.

Мессидің шектен шыққан эмоциясы. Ол Ван Галға не айтты?

Ол қарсыластарын сынауды жалғастырды:

Ван Галдың командасы жақсы футбол ойнайтындай  көрінеді. Шындығында, олар алаңға ұзын ойыншыларын жіберіп, допты сол жерге тебе береді, – деді Лео.

Сонымен қатар Месси ойын кезінде қарсылас шабуылшысы Воут Вегорсті де сөккен.

Мессидің шектен шыққан эмоциясы. Ол Ван Галға не айтты?

Бұл сөздер кадрға еніп кеткен.

Не қарап тұрсың, ақымақ? Әрі қарай кет, есуас! – деген ол.

Месси оны былай деп түсіндірді:

Ол 19 нөмірі [Вегорст] бізге келіп, матч алдында итеріп, арандата бастады, әртүрлі сөздерді айтты, – деп жауап берді Месси.

Лионель Месси эмоциясының себебін журналистерге «қарсыластың Аргентинаны сыйламауынан» деп түсіндірген.

Өзгелердің жаңалығы