Месси «Жылдың үздік спортшысы» атағына үміткер

24 Маусым 2023, 08:50
829
Бөлісу:
Месси «Жылдың үздік спортшысы» атағына үміткер
Фото: instagram.com

«Интер Майами» клубына ауысқан аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ESPN нұсқасы бойынша «Жылдың үздік спортшысы» атағына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл сайын американдық ESPN ESPY Award марапаттау рәсімін өткізеді, онда әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады. Billboard мәліметтері бойынша, биыл 35 жастағы Месси ерлер арасында жылдың үздік спортшысы номинациясына ұсынылды.

Айта кету керек, өткен маусымда Месси ПСЖ-да өнер көрсетті. 41 матчта ол 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Месси Аргентина құрамасымен бірге 2022 жылы әлем чемпионы атанды және Катарда өткен турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Өзгелердің жаңалығы