Месси шілдеде “Барселонаға” оралуы мүмкін

Футбол жұлдызы Лионель Месси шілденің соңына қарай "Барселона" сапына ауысуы мүмкін

22 Сәуір 2023 2023, 18:40
АВТОР
 90min.com 22 Сәуір 2023 2023, 18:40
22 Сәуір 2023 2023, 18:40
1080
Фото: 90min.com

Футбол жұлдызы Лионель Месси шілденің соңына қарай "Барселона" сапына ауысуы мүмкін, деп жазады BAQ.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Испаниялық Sport басылымының мәліметінше, клуб Мессидің Америка Құрама Штаттарындағы маусым алдындағы тур басталмай тұрып оралғанын қалайды. Ол 19-30 шілде аралығында келеді деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, ПСЖ мен аргентиналық форвард арасындағы келісімшарт биыл маусымда аяқталады. Осыдан кейін ол еркін агент атанады.

"Барселонадан" бөлек Леоны саудиялық "Әл-Хиәләл" клубы да сапына қосқысы келеді, ал арабтар жылына 400 миллион еуро төлеуге дайын.

Наверх