Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда мешіттер мен ғибадатханаларда вакцина егу пункті ашылды.
Бұл туралы zakon.kz қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, қалалық ауруханалардың бірінің бас дәрігері Фарид Агибаевқа сілтеме жасай отырып хабарлады.Басқарма өкілінің мәліметінше, вакцина егу пункті қаланың алты діни ұйымында, соның ішінде Алматы орталық мешітінде де ашылған.
Айта кетейік, елімізде вакцина егу пункттері сауда, ойын-сауық орталықтарында және адамдар көп жиналатын орындарда ашылған болатын. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл шара вакцинаның қолжетімділігін артуға ықпал ететінін атап өтті.