Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының Бөрлі және Жаңақала аудандық мешіттері «Мектепке жол» акциясын өткізді, деп хабарлайды muftyat.kz.
Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың ұл-қыздарына мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйлады. Ауданның әр баласына арнайы сөмкелер берілді.
Көпбалалы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дəстүрге айналған «Мектепке жол» акциясына биыл Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Volunteers aksay» еріктілері мен «Адам бол», «Берекелі жамағат» қайырымдылық қорлары 100 сөмке жəне арнайы оқу құралдарымен үлес қосты.
Бұл дәстүрлі игі шара тек Орал емес, ауданда және ауылда да өткен. Басты мақсат – әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды киім-кешек, кеңсе тауарлары мен оқуға қажетті дүниелермен қамтамасыз етіп, демеу жасау.