Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты «Жас қанат» шағын ауданында «Абдулла» мешіті есігін айқара ашып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Мешіттің ашылу рәсімі қаланың бас имамы Еркінбек Шоқайдың Құран оқуымен басталды. Ал Құранның батасын бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жасады.
«Абдулла» мешітінің бас имамы болып Тыныштықбай Мырзаев тағайындалған.
«Абдулла» мешіті 3 қабаттан тұрады: 1-қабат 558 шаршы метр (5 қызметкер бөлмесі); 2-қабат 380 шаршы метр (неке залы, дәрісхана); 0-қабат 550 шаршы метр. Мешіт асханасы бір уақытта 250 адамға дейін қызмет көрсете алады.
Мешіт дәретханасын бір мезетте 54 ер азамат, 25 әйел кісі пайдалануына болады. Мешіт ауласындағы балаларға арналған ойын алаңқайы 100 шаршы метрді құрайды. Көлік тұрағы 80 көлікке арналған.