Мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімі ұзартылды ма?

10 Қыркүйек 2020, 15:58
5116
Бөлісу:
Мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімі ұзартылды ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында күзгі әскери шақыру науқаны туралы өткен онлайн брифинг барысында ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов айтты.

Мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімі әскери қызмет және қызметшілердің мәртебесі туралы заңда белгіленген. Ол 12 айды құрайды. Қазіргі уақытта көрсетілген нормаға өзгеріс енгізу қарастырылмаған, - деді ол.

Сонымен қатар, брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс істері департаментінің өкілі Ғани Артықов әскери билеттің қағаз нұсқасынан бас тарту ұсынысына қатысты жұмыстардың жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Әскери билеттердің ішіндегі жазба мәліметтердің барлығы цифрлы форматта «Азаматтарға арналған үкімет» МК порталына орналастыру бағдарламасы жасалуда. Бұл жоба 2021-2022 жылдары жүргізіледі деген жоспар бар. Жобаны іске асыруға қанша қаражат кететіндігі қосымша хабарланатын болады, - деді ол.
Айта кетейік, қыркүйек-желтоқсан аралығында 17 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады. Алдағы уақытта мерзімді әскери қызметке шақыруды жаңартылған форматта жүргізу жоспарлануда.
Өзгелердің жаңалығы