Меркі тұрғынынан 60 келiге жуық марихуана тәркіленді

8 Қараша 2022, 17:33
869
Бөлісу:
Меркі тұрғынынан 60 келiге жуық марихуана тәркіленді

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Меркі ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде үйдің шатырында жалпы салмағы 57 келіден асатын кептірілген марихуана, есірткі затының 10 қапшығы табылып, тәркіленді.

Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Бұл бапта мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы