Мерейтой сайын сыйақы: Абай облысында әкімдік қызметкерлерінің заңсыз әрекеті әшкере болды

Абай облысында әкімдік қызметкерлері мерейтойлық даталарда заңсыз сыйақы алған.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 16:11
Бүгiн 2026, 16:11
111
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Абай облысында прокуратура бюджет қаражатының заңсыз төленуін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бородулиха ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар тарапынан бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактілерінің жолын кесті.

Белгілі болғандай, әкімдік қызметкерлеріне негізсіз материалдық көмек көрсетілген.

Қолданыстағы қағидалардың талаптарын бұза отырып, жергілікті органдар бюджет қаражатының үнемделген есебінен қызметкерлердің мерейтойлық күндеріне байланысты 1 млн теңгеден астам көлемде материалдық көмек төлеген.Бұд ан бөлек, қызметкерлермен жасалған ұжымдық шарттарда қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін нормалар қамтылған. Аталған шарттар 247 қызметкердің Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда қысқа мерзімді демалыс алу, жұмыстың тоқтатылуы кезеңінде жалақыны сақтау және өзге де кепілдіктерге қатысты құқықтарын шектеген. Аудан прокуратурасының қабылдаған шараларының нәтижесінде ұжымдық шарттар заңнама талаптарына сәйкес келтірілді, ауылдық округ әкімінің өкімі жойылып, заңсыз төленген қаражат бюджетке қайтарылды, - деп хабарлады Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тексеріс нәтижесінде экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 
                   


Наверх