Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық турына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау әлі де жалғасып жатыр
Конкурстың негізгі мақсаттары – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты некенің маңыздылығын мойындау; ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын насихаттау; қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қамқоршы) отбасылар үшін — кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы Жергілікті уәкілетті органның шешімінен үзінді көшірменің көшірмесі;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмелері;
4)ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері;
5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екендігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардан ұсыным хаттар (екіден кем емес);
7) отбасы мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік);
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
Қатысуға өтінімдер 15 маусымға дейін электрондық поштаға қабылданады: mereyli.otbasy2024@mail.ru (pdf форматында).
Қосымша ақпаратты төмендегі нөмірлер арқылы алуға болады: 8 701 111 13 46; 8 702 202 00 77; 8 7172 55 67 08; 8 7172 55 67 01.