Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды

17 Тамыз 2022, 18:25
1585
Бөлісу:

Әр өңірден, оның ішінде жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 20 жеңімпаз отбасы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, ұлттық конкурсқа қатысқан 2 542 отбасының 932-сі қалада, 1 610-ы аудан және ауылда тұрады. 

Сонымен қатар 1 166 отбасы көпбалалы болса, 501-і ерлі-зайыптылардың ішінде жасы 29-ға толмаған екі жұп бар. Еңбек әулеттері, спортшылар, мұғалімдер, кәсіпкерлер, т.б. отбасылар биылғы байқауда бақ сынады.

 Тамыз айының соңында «Хабар» телеарнасында жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар топтамасы шығады. 

Сондай-ақ «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімінің өтетін күні мен уақыты туралы қосымша ақпарат жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы