Түркістанда «Мерейлі отбасы – 2019» байқауының жеңімпаздары марапатталды

31 Мамыр 2019, 20:09
1819
Бөлісу:
Түркістанда «Мерейлі отбасы – 2019» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында «Мерейлі отбасы – 2019» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.  

Салтанатты шараны Түркістан облыс әкімдігі және  Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғыртуға, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған. Мақсаты  – отбасы институты, адамгершілікті, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналарға қамқорлық жасауға үгіттеу. 

2019 жылы 24 мамыр күні Түркістан облысының  «Мерейлі отбасы –2019» ұлттық сайысының жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссия отырысы өткен болатын. Бұл байқауға 16 аудан, қаладан 58 отбасы бақ сынап, 30 отбасы үздік деп танылған.
Байқауға облыс әкімінің орынбасары, облыстық  мәслихаттың депутаттары, сонымен қатар, облыстық басқарма басшылары мен, зиялы қауым өкілдері ардагерлер, білім саласының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысының бастамасымен, бүгінде алтыншы рет өткізіліп, дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық қорытынды кезеңінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғысхатымен барлық 28 отбасы (лауреаттары) 200 000 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.   Ал Шардара  ауданынан Қарсыбаевтар отбасы және Бәйдібек ауданынан Еркебаевтар  отбасылары  – 1 000 000 теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды.  

«Мерейлі отбасы – 2019» конкурсында екі жанұя жеңімпаз деп танылды. Олар қыркүйек айындағы  отбасы күніне орай өтетін Республикалық байқауға жолдама алды. Енді олар республикалық деңгейде облыс намысын қорғайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы