Мерекенің қайта жаңғырғаны мені ерекше қуантады – тележүргізуші

20 Қазан 2022, 17:05
1752
Бөлісу:
Мерекенің қайта жаңғырғаны мені ерекше қуантады – тележүргізуші

Республика күнінің қайта жаңғыруын еліміздегі түрлі сала өкілдері қалай қабылдады? Бұл туралы тележүргізуші, журналист Әйкерім Есенәліден сұрап көрдік, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

–  Республика күнінің жаңа мәртебесі сізге қалай әсер етті?

– Біз бала кезде бұл мерекені атап өтетінбіз. Оның үстіне, мектептегі ұстаздарымыз санамызға ұлттық мерекелердің құндылығы терең екенін құйып өсірді. Қазір өзімнің қызыма еліміздің айтулы мерекелерін, маңызды күндердің тарихын үнемі түсіндіріп отырамын.
  Мен үшін 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі мен 25 қазан – Республика күні мерекесі кеудені кеңге салып, қуана қарсы алатын мерекелердің бірі. Әрине, бұл күн мереке ретінде еленбей қалғанда, бәрібір таныстарымды құттықтап жүретінмін. Сондықтан қазір қайта жаңғырғаны мені ерекше қуантады.

– Өзге мемлекеттерде бұл мерекеге құрмет ерекше. Сіздің ойыңызша ұлттық мереке қалай аталып өтуі керек?

– Салыстыра қарайтын болсақ, біздің елде бейбітшілік бар. Екіншіден, прогресстегі жастар көп. Үшіншіден, демографиямыз өсуде. Сондықтан, қазіргі ахуалға сәйкес басқа мемлекетпен салыстырған дұрыс емес. Біз биыл бұл мерекені алғаш рет атап өткелі отырмыз. Менің ойымша, ұлттық мерекені дүбірлі той емес, әр шаңырақ пайымды түсінікпен, ұлттық идеологиямен қарсы алу керек.

Өзгелердің жаңалығы