ҚР Тәуелсіздік күніне орай Алматы әуежайында халықаралық рейстердің жолаушыларын тосын сый күтіп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қаланың туризм басқармасы ҚР ҰҚК Шекара қызметі жанындағы шекаралық бақылау басқармасымен және әуежаймен бірлесіп "Сәлемдесудің белгісі тәтті сыйлық" акциясын өткізеді. 5 мыңнан астам саяхатшы паспорттық бақылаудан өту кезінде дәстүрлі қазақстандық шоколад пен печенье алады.
Бұл бастама туристік қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Алматы қонақтардың алғашқы минуттарынан бастап жылулық пен қонақжайлылық сезімін қалыптастыруға ұмтылады. Mastersard мәліметтері бойынша туристердің 25% қалаға қайта оралады.
Акция саяхатшылар үшін заманауи және достық бағыт ретінде Алматының оң имиджін нығайтуға жасалған қадам болмақ.