Мереке қарсаңында әйелдерге ақшалай сыйлық беріледі

Бөлісу:
Мереке қарсаңында әйелдерге ақшалай сыйлық беріледі
Фото: business.com.tm

Түрікменстан билігі халықаралық әйелдер күніне орай 60 манат (шамамен 17 доллар немесе 8500 теңге) көлемінде ақшалай сыйлық береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Туркменистан сегодня" басылымына сілтеме жасап.

Сыйақы 1-6 наурыз аралығында төленеді және келесі санаттағы азаматтарға беріледі:

• Мемлекеттік және жеке мекемелерде жұмыс істейтін әйелдер;
• Зейнеткерлер мен әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
• Барлық деңгейдегі білім алушылар (балабақшадан докторантураға дейін).

Президент қол қойған құжатта бұл шешім әйелдердің елдің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін құрметтеу және ұлттық дәстүрді жалғастыру мақсатында қабылданғаны көрсетілген.

Түрікменстанда 8 наурызға арналған ақшалай сыйлық жыл сайын беріледі және оның мөлшері өзгермейді. Қазіргі уақытта 60 манатқа елде бірнеше келі пияз немесе бір келі ет сатып алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы