Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы демалыс күндері дәстүр бойынша сыйлықтар уақыты болады. Шектеу шараларына байланысты сыйлықтардың көп бөлігі электрондық коммерция қызметтері арқылы сатып алынады. Бұл өз кезегінде алаяқтардың іске белсене кірісуге итермелейді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті түрлі мессенджерлер арқылы келетін ұсыныстар негізінде тауарлар мен қызметтерге қаражат аудармауға кеңес береді. Әдетте, жалған қызмет ұсынушылар жеке де, мемлекеттік те ұйымдардың атын жамылып арнайы жасалған жалған веб-сайттарына сілтемелер жібереді. Сондай-ақ, мұндай сайттар ресми түрде аударым қызметтерінде тіркелген және сіздің несие картасымен төлем өте сенімді көрінеді. Бұндай жағдайда басқа сенімді интернет көздері арқылы ресми сайттарда көрсетілген телефондарға қоңырау шалып, өнім немесе қызмет туралы барлық ақпаратты тексеру қажет.
Сондай-ақ, ҚМК азаматтардан заңсыз ақша алудың ең танымал және кең тараған тәсілі болып табылатын қаржылық пирамидаларға қатыспауға тағы да шақырады. Пирамида схемасының ең басты ерекшелігі - жоғары кірістер туралы уәделер, оларды бір рет орындауға болады, бірақ одан да көп қаражатты жоғалту қаупі тым жоғары. Мұндай ұйымдар әлеуметтік желілердегі белсенді жарнама жасайды және материалдық-құқықтық базадан басқа ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы жоқ, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сыйлықтар сатып алғанда түбіртекті міндетті түрде алу керектігін еске салады, сол арқылы сіз сатып алған сыйлықты жақындарыңыз ұнатпаған жағдайда тауарларды қайтарып беруге құқығыңыз бар. Чек алу арқылы сіз құқытарыңызды қорғап, заңның бұзылуына нөлдік төзімділік танытасыз.
МКК әр азаматтың Жаңа жылды қарызсыз қарсы алуға мүмкіндігі бар екенін де еске салады. Салықтың негізгі сомасын 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеу арқылы азаматтар өсімпұлдан құтыла алады. Алайда салық амнистиясы тек осы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.
Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Салықтар бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында сілтемесі бойынша, сондай-ақ eSalyq mobile (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.