"Мереке, форум өткізеді": Аймағамбетов әкімдіктерді сынады

26 Наурыз 2025, 17:19
1999
Бөлісу:
"Мереке, форум өткізеді": Аймағамбетов әкімдіктерді сынады
Фото: - архив

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жедел жәрдемге ақша бөлмей отырған әкімдіктер тізімі жарияланатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жедел жәрдемге негізі жергілікті әкімдіктер жауапты. Бірақ жергілікті әкімдіктер тиісті жағдайды жасауға қаражатты толық бөліп жатқан жоқ. Түрлі іс-шараларды, мерекелерді, форумдарды өткізеді. Көріп жатырмыз. Безендіріп жатыр. Бірақ жедел жәрдемге ақша бөле алмай отыр, - деп айтты депутат.

Мәжілісмен қаржы бөлмей отырған әкімдіктердің тізімі жарияланатынын жеткізді.

Жақын арада барлық әкімдіктің атын атап, түсін түстеп, ақпаратты жариялауға дайындалып отырмын. Өйткені проблема өте күрделі, - деп айтты Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы