Алда мереке күндер көп болады, өз құқымызды біле жүрейік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сізге үстеме жұмыс үшін қосымша ақы төлеу керек пе?
Жұмыстан кейін қалып істеген барлық жұмысқа төлене бермейді. Егер қызметкердің өзі жұмыстан кейін қалып, жобасын аяқтауға шешім қабылдаса, онда бұл жағдайда ол артық жұмыс уақыты үшін қосымша ақы алуға құқығы жоқ.
Тағы бір жағдай - жұмыс берушінің өндірістік қажеттіліктерге байланысты жұмыс уақытын созу туралы бұйрық шығарса, Еңбек кодексінің нормалары қамтылып, қызметкерлерге артық жұмыс істегені үшін ақы төленуі тиіс.
Басқаша айтқанда, үстеме жұмыстың төленуі немесе төленбеуі үстеме жұмысқа кімнің бастамашысы болуынан туындайды. Яғни қызметкер өз еркімен қалып, жұмысын аяқтап тастауға шешім қабылдады ма немесе жұмыс беруші қызметерлеріне жұмыстан кейін қалып, жұмысты аяқтап тастауға бұйырды ма соған байланысты.
Мысал келтіре кетсек.
Дүкеннің қалыпты жұмыс уақыты таңғы 10-нан кешкі 20:00-ге дейін. Бірақ мереке қарсаңында дүкен иесі жұмыс уақытын 22 сағатқа дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Тиісінше, қызметкерлер күніне екі сағат үстеме жұмыс істеп, бұл үшін қосымша ақы алатын болады.
Қосымша жұмыс уақыты дегеніміз неше сағат?
Жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеуге уақыт бойынша шектеулер бар. Қосымша жұмыс сағаттарының саны:
әрбір қызметкер үшін күніне екі сағаттан аспауы керек;
ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстар үшін ең ұзақ қосымша жұмыс уақыты бір сағат;
айына төрт, бес және алты күндік жұмыс аптасында үстеме жұмыстың жалпы ұзақтығы 12 сағаттан аспауы керек;
жылына жалпы қосымша жұмыс ұзақтығы 120 сағаттан аспауы керек.
Қосымша жұмыс уақыты қалай төленеді?
Уақытша еңбекақы төлеу кезінде үстеме жұмысқа еңбек немесе ұжымдық шарттың және/немесе жұмыс берушінің бұйрығының талаптарына сәйкес жоғарылатылған ставка бойынша, бірақ қызметкердің күндізгі еңбекақысы негізінде бір жарым еседен кем емес мөлшерде төленеді.
Істелген жұмысқа сай төленетін ақы үшін қызметкердің белгіленген күндік (сағаттық) ставкасының кемінде 50%-ы мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
Демалыс және мереке күндері жұмыс істесеңіз қалай төленеді
Қосымша ақша табудың тағы бір мүмкіндігі - мереке және демалыс күндері жұмыс істеу. Аптасына алты күн жұмыс істесеңіз сенбі демалыс емес, жұмыс күні екенін ескерген жөн.
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төленеді. Шарт еңбек немесе ұжымдық шартта немесе кәсіпорынның мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына қатысты жұмыс берушінің бұйрығында көрсетілуі қажет. Лимит – төлем қызметкердің күнделікті (сағаттық) тарифіне негізделген сомадан бір жарым еседен төмен болмауы керек.
Түнде жұмыс істесеңіз қалай төленуі керек
Түнгі мезгілдегі жұмыстың әр сағаты жұмысшының күндізгі (сағаттық) ақысына шаққанда бір жарым еселік өлшемнен кем емес мөлшерде беріледі.
Түрлі біліктілік жұмыстарын атқарған жұмысшы жалақысы әлдеқайда жоғары біліктілік жұмысы бойынша төленеді.
Жоғары білікті жұмысшыға өндіріс сипатына қарай, оған берілген разрядтан төмен жұмыс атқару жүктелсе, жалақы оған бекітілген біліктілікке (разрядқа) қарай төленеді.
Бір ұйымда өзінің негізгі қызметімен бірге, еңбек келісім-шартымен бекітіліп, орнында жоқ жұмысшының қызметін немесе міндетін өзі қызметіне үстеме ретінде қосымша атқарса, ол жұмысшаға үстеме ақы төленеді.
Үйлесімді қызметке (қызмет көрсету зонасының кеңеюі) немесе уақытша орнында жоқ қызметкердің міндетін атқаруға төленетін қосымша ақының мөлшері жұмысшының келісімімен жұмыс беруші арқылы бекітіледі.
Маңызды. Түнгі жұмыс мереке немесе демалыс күніне сәйкес келсе, еңбекақы түнгі сағаттар үшін бөлек және мереке немесе демалыс күні үшін бөлек жүргізіледі.
Жұмыстағы қосымша міндеттемелер
Бір ұйымда негізгі жұмысымен қатар қосымша жұмыс атқаратын қызметкерлер бұл үшін қосымша ақы алуы тиіс.
Қосымша жұмыстың қандай түрлері бар
лауазымдарды біріктіру – қызметкер еңбек шартында (лауазымдылық нұсқаулығында) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа қызметкердің міндеттерін қосымша орындаса;
қызмет көрсету ауқымын кеңейту – қызметкер еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымының) белгіленген ұзақтығы ішінде қосымша жұмыстарды орындаса;
уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау (ауыстыру) – қызметкер өзінің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген негізгі жұмысымен қатар басқа лауазымдағы қызметкердің қосымша жұмыстарын орындаса.
Бұл жағдайларда қосымша жұмыс үшін қосымша ақы мөлшерін жұмыс беруші орындаған жұмыс көлеміне қарай қызметкермен келісім бойынша белгілейді.
Ескере кететін жайт: егер бұл оның лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны (ауыстыруы) үшін қызметкерлерге қосымша ақы төленбейді.
Өзге жағдайларда қызметкер қосымша жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы, ал жұмыс беруші қосымша жұмыс тоқтатылғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей екінші тарапты хабардар ете отырып, оны орындау туралы бұйрықтың күшін жоюға құқылы.
Жұмыс беруші қай уақытта аз төлеуге құқылы?
Тұралау кезінде жалақының төмендеуі мүмкін.
экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмысты уақытша тоқтату;
төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайларда;
төтенше жағдайда немесе мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша карантинді қоса алғанда, басқа шектеу шаралары енгізілген кезде