Мэнни Пакьяо Райан Гарсиямен жекпе-жек өткізе ме

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық боксшы Райан Гарсия (21-0 18) атақты Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін, деп жазады&nbsp;<a href="https://prosports.kz/kz" target="_blank">Prosports.kz</a>.</h4>

 26 Қаңтар 2021 2021, 06:31
26 Қаңтар 2021 2021, 06:31
1420

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық боксшы Райан Гарсия (21-0 18) атақты Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Гарсия жекпе-жекке арналған постердің суретін жариялап, оған:

Армандар орындалады. Мен Мэнни Пакьяомен шаршы алаңды бөлісу құрметіне ие болдым. Рингте де, ринг сыртында да оны құрметтеймін, – деп жазды Райан Гарсия.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек туралы өзге ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Гарсия соңғы жекпе-жегін 3 қаңтарда Далласта өткізді. Онда ол Люк Кэмпбеллді нокаутпен жеңіп, жеңіл салмақтағы WBC титулына қол жеткізді. 

Наверх