Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Менің таңдауым – қазақ тілі!» жалпыреспубликалық челленджі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Мақсат – қазақ тілі арқылы қазақстандық бірегейлікті нығайту, барлық қазақстандықтарды мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі идеясының айналасына топтастыру.
Челленджге қатысушылар роликтерінде қазақ тілін неге сүйетіні туралы өзінің ой-пікірлерімен, қазақ тіліне қалай үйреніп-меңгергені жөніндегі жеке тәжірибелерін айтады.
Іс-шараға танымал тұлғалар, жастар, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қатысып жатыр.
Челлендж 7 қыркүйекке дейін жалғасады.