Семейдің күрделі жөндеу жұмыстары қашан басталады? Қандай ірі нысандар жөнделмек? журналистер Абай облысының әкіміне сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыс әкімінің айтуынша, Семейде істеліп жатқан жұмыстар көп.
Жолдары жасалып жатыр. Бірнеше сквер жасалған. Екі медициналық орталық, Семей қаласында 3 мектеп салынып жатыр. Облысымызда 70-ке жуық жобалық сметалық құжаттамалар жасалып жатыр. Уақыт керек. Барлығы бір күннің ішінде шешілмейді. Мен бір сұхабатымда айтқанмын. Сиқыршы емеспін. Сиқырлы таяғым да жоқ. Кішкене уақыт керек. Күту керек. Барлығы болады. Осы 25 жылда жиналған қордаланған мәселелер бір жылдың ішінде шешілмейді. Бір уақытта халықпен кездесуде сұрағанмын «үйдің жөндеу жұмыстарына қанша уақыт кетеді» деп. Олар «1-1,5 жыл» деп жауап берді. Облыстың құрылғанына 1,5 жыл толған жоқ. Бір үйді 1,5 жылда салу керек болса, бір облысты 1,5 жылда сала алмаймыз ғой. Бірте-бірте болады, - дейді облыс әкімі.