Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланды.
Осы ретте қазақстандық дәрігерлер азаматтарды үйден шықпауға шақырды.
Сондай-ақ дәрігерлер әлеуметтік желіде "Мен сіз үшін жұмыста қалдым, сіз мен үшін үйде болыңыз! деген челлендж бастады.
Олар жұмыс орындарынан түскен суретті, видеоны #bizbirgemiz хэштегімен Instagram, Facebook әлеуметтік желіде таратып жатыр.
Челленджді Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-ті де жалғастырды.
Сонымен қатар, күн сайын еліміздің әншілері де қазақстандықтарды қолдап, сабыр сақтауға шақырған видеолары денсаулық сақтау министрлігің әлеуметтік желілерінде жариялануда.
Естеріңізге сала кетейік, ДСМ-нің таратқан ақпараты бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандары саны 44 адамға жетті. Олардың 19-ы Алматыда болса, 25-і Нұр-Сұлтанда.