«Мен - еріктімін» акциясы жарияланды

5 Желтоқсан 2020, 23:44
2977
Бөлісу:
«Мен - еріктімін» акциясы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Акция «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанатының бастамасымен Дүниежүзілік еріктілер күніне орай ұйымдастырылды.

«Ақ жол-жастар» жастар қанатының еріктілері бұған дейін үнемі жалғыз басты қарияларға қамқорлық танытып, балалар және  қарттар үйінде концерттік бағдарламалар  ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға мерекелік сыйлықтар таратқан.

Осы шаралардың барысын маңғыстаулық «ақжолдық» еріктілері әлеуметтік желілерде таратқан бейнероликте көрсетті.

Біз қоғамдық қызметпен ерікті және өтеусіз негізде айналысамыз. Айналадағылардың проблемаларына бей-жай қарамайтын кез келген азамат волонтер бола алады және осы әрекетімен қоғамға пайда әкеле алады. Маңғыстау филиалында волонтерлік қызмет жүйелі деңгейге қойылған, - деп атап өтті «Ақ жол» партиясы Жастар қанатының жетекшісі, Мәжіліс депутаттығына кандидат Ғазиза Тәжібаева.

Бұған дейін Ғазиза Маңғыстаудың «Ақ жол-жастар» қанатын басқарып, көптеген волонтерлік идеялардың бастамашысы болған.

«Ақ жол» партиясы Маңғыстау филиалының еріктілері көмекке келуге әрқашан дайын екендіктерін және эстафетаны партияның басқа филиалдарына жолдайтындарын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы