Шерзат Болат өлімі ісі бойынша сотта Дархан Әскентайға 1000 теңге аударылған шот иесі жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
1953 жылғы Светлана Қалтаева Алматы облысының Іле ауданында туған. Білімі жоғары. Ол қазір зейнетте.
Светлана Қалтаева сотталушыларды да, жәбірленушілерді де танымайтынын мәлімдеді.
Ешкімді танымаймын. Бұл жерде менің еш қатысым жоқ, - деді ол.
Прокурорлар куәгерге сұрақтарын қойды. Ең алдымен куәгерден өз нөміріне ашылған Kaspi шоты жайлы сұрады.
Менің Kaspi-імді сабаққа барып-келіп жүрген немерем ұстайтын. Одан басқа ештеңеден хабарым жоқ. Кімге ақша жіберім отырғанынан да хабарым жоқ, - деді Светлана Қалтаева.
Прокурор мынадай сұрақ қойды: «Кейіннен кімге ақша аударғанын да сізге айтпады ма?».
Полиция келіп, «осындай уақытта келесіз» деп Қонаевқа шақырғанда ғана білдім. Әйтпесе мүлде хабарым болмады. Себебі мен қолымда өсіп келе жатқан балама сенемін. Оқиға туралы ештеңе де білмедім. Балам 16 жасқа енді толды. Ол сабаққа барып-келуі үшін Kaspi шотыма ақша салып қоямын. Телефондағы қосымшаны пайдалануды білмеймін. Мен дүкендерде не қолма-қол ақшамен ғана есептесемін, - деп жауап берді куәгер.