Мен әйелдерге арналған квоталармен мүлде келіспеймін - Салтанат Тұрсынбекова

9 Қараша 2022, 14:01
1105
Бөлісу:
Мен әйелдерге арналған квоталармен мүлде келіспеймін - Салтанат Тұрсынбекова

Мен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына арнаған сапарымды әрі қарай жалғастырудамын, жетінші өңірім - Қостанай қаласы болды деп жазады Салтанат Тұрсынбекова өзінің әлеуметтік парақшасында, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұнда дәрігерлерден бөлек, құқық қорғаушылармен де кездестім. Әңгіме барысында еліміздегі басшылық қызметтердегі әйелдердің үлесі көтерілді. Менің дәл осы тақырыпта айтатын дүниелерім өте көп дейді кандидат.

ОлҚазақстандағы басшылық лауазымдардағы гендерлік теңдіктің қазіргі жағдайы мәз емес.  Әйелдер ел халқының басым бөлігін құраса да, басшылық қызметтегі бұрымдылар саны өте аз. Құзыреттіліктері жоқтығынан әйелдердің көптеген пікірі ескерілмейтінін айтып өтті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасының халқы 19 миллион адамды құрайды, оның 52 пайызы әйелдер. 2020 жылғы есептеулерге сүйенсек, елімізде жұмыс істейтін әрбір екінші әйелдің (47,3 %) жоғарғы немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі болғанын көреміз. Ал жоғары білімді жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі небәрі 38,1 пайызды құрайды.

Біздің елде әйелдер көп, олардың арасында білімділері де жеткілікті. Бірақ басшылық қызметтерде айқын теңгерімсіздік байқалады. Оған мына жағдайларды мысал ретінде келтіруге болады. Қазір бізде облыс немесе республикалық маңызы бар қалалардың бірде-бірінде әйел әкім жоқ. Тек екі әйел министр бар. Оның үстіне, олар тек дәстүрлі салаларды, оның ішінде денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғауды басқарады. Парламенттегі әйелдердің саны тіпті үштен біріне де жетпейді. Университет ректорлары қызметіндегі әйелдер саны ерлерге қарағанда үш есе аз. Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі – шамамен 55 пайыз. Сонымен қатар, саяси мемлекеттік лауазымдардағы әйелдердің үлесі небәрі 9 пайызды құрайды (2021 жылғы деректер),- дейді кандидат.

Сондай-ақ ол партиялық тізімде әйелдер мен жастардың кем дегенде 30 пайыз болуы керек деген квота жайында сөз қозғады.

Мен бұл квоталармен мүлде келіспеймін. Басқа ешбір елде мұндай тәсіл іс жүзінде жасалып жатқан жоқ. Бұл 30 пайыздық норма болатындай қандай да бір өнім емес қой. Мен әйелдердің ер азаматтар еңбек ететін барлық лауазымдарда жұмыс істегенін қалаймын. Құзыреттілік тең болуы керек. Егер бізде бүгінде халықтың 52 пайызы әйелдер болса, Парламенттегі, квазимемлекеттік сектордағы, кез келген саладағы әйелдердің де үлесі, кем дегенде 50 пайыз болуы керек, - дейді Салтанат Тұрсынбекова.

Оның айтуынша, партиялық тізімді тіркеу үшін 30 пайыздық квота қарастырылған, бірақ мандаттарды бөлу кезінде мұндай квота сақталуына кепілдік жоқ. Сонымен қатар, әйелдер квотаны басқа санатпен, оның ішінде жастармен бөліседі. Бұл – гендерлік теңдікті сақтаудың тиімсіз шара дейді.

Мен әйелдерге квота түріндегі үлестірмені қажет ететін адал емес жүйені жойғым келеді. Қазақ әйелдерінің арасында талантты менеджерлер аз дегенге, тіпті сену қиын. Менің ойымша, дәл осы жүйе әйелдердің алға ұмтылып, дамуына мүмкіндік бермейді. Мен әйелдердің барлық жердегі үлесі 50 пайызға иелік еткенін, заң бойынша өздеріне тиесілі құқықты алғанын қалаймын,- дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы