Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин кәсіпқой боксқа қайта оралатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кәсіпқой бокстағы мансабың әрі қарай жалғаса ма?, - деп сұрады кеш жүргізушісі айқастан кейін.
Әрине, менің үлкен жоспарларым бар. Көздеп жүрген қарсыластарым көп. «Канелоны» және бүкіл бокс жанкүйерлерін құттықтаймын. Жігіттер, естеріңде болсын, менің орта салмақта үш белбеуім бар. Мені әлі ораламын. Мені әлі де болса чемпионмын,- деді Головкин.
Еске сала кетейік, 2017 жылы басталған «GGG-Канело» трилогиясына нүкте қойылып, мексикалық Сауль Альварес супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды.