Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемқызметкерлердің салық декларациясы жыл соңында жарияланады

13 Тамыз 2025, 15:56
618
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Мемлекеттік қызметкерлердің салық декларациясы жыл соңына қарай жарияланады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің салық декларациясы көп күттірмей назарға ұсынылады.

Декларациялар (мемлекеттік қызметкерлердің – ред.) 15 қыркүйекке дейін ұсынылады, жыл соңында жарияланады, - деп жауап берді Қаржы министрі.

Сондай-ақ вице-премьер-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық декларациясында жалақы мөлшерлемесі көрсетілмейтінін атап өтті.

Сіздер бәріңіз біздің қандай жалақы алатынымызды білесіздер деп ойлаймыз, - деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьердің сөзінше, салық декларациясында "тек мүлік пен былтырғы жылы сатып алынған дүниелер көрсетіледі".

Өзгелердің жаңалығы