Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Меморгандар ақпараттық қауіпсіздік талаптарын жиі бұзады – Жаслан Мәдиев

Олжас АДАЙ
Кеше, 10:51
311
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев киберқауіпсіздікті күшейту мақсатында қабылданған шараларға қарамастан, мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын жиі бұзатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр елдің киберқауіпсіздігін күшейтуге бағытталған бірқатар маңызды шара қабылданды. Бірінші басшылардың жауапкершілігі енгізілді. Азаматтардың дербес деректерін қорғауға қойылатын талаптар күшейтілді. Кибергигиена бойынша оқыту шараларымен 1 миллионнан астам адам қамтылды.

Мемлекеттік органдарда тексерулер тарихи тұрғыда ең жоғары деңгейде жүргізілді, – дейді Хасенұлы.

Мәдиев, тексеру нәтижесінде маңызды бір қорытындыға келгенін айтады.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттық қауіпсіздікке қатысты заңнамада белгіленген талаптарды жиі бұзады, – дейді ол.

Кейін министр орталық мемлекеттік органдарға ескерту жасады.

Осыған байланысты орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі талаптарының сақталуына және азаматтардың дербес деректерінің қорғалуына бақылауды күшейтуі қажет.

Мемлекеттік органдарға еске салғым келеді, барлық талаптар заңнамада нақты белгіленген. Өздеріңізге тиесілі ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуына жеке жауапкершілік арқалайсыздар, – дейді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.

Өзгелердің жаңалығы