Астанада «Азаматтық бірегейлікті нығайтудағы әлеуметтік әділеттілік факторы» Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шара ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, сондай-ақ ПӘ ҚХАХ меңгерушісінің орынбасары Рыстина Индира Садыбекқызы қатысуымен өтті.
Аталған іс-шара жөнінде Әлеyметтiк зеpттеy депаpтаментiнiң диpектоpы Жанаp Накипбаева баяндама жасады.
Жаңа Қазақстан ұғымының пайда болуына байланысты қоғам арасында жаңа үміт пайда болды. Ол - болашақта тұрмыс-салтымыз жақсара түседі деген пайым. Өздеріңізге мәлім, азаматтық белсенділікті біз жаздағы референдум мен кеше ғана өткен сайлауда айқын байқадық, - деді ол.
Айтуынша, мемлекеттік органдардың жұмысы тиімді нәтиже көрсетсе, халықтың сенімі арта түседі.
Менің ойымша, халықтың сенім деңгейі жоғары. Қоғамда әділеттікке деген сұраныс көбейіп келеді. Елімізде көптеген зерттеу аясында мемлекетке деген халықтың сенім деңгейі әрдайым әртүрлі әдістемемен қадағаланып отырады. Ел халқында - азаматтық сана қалыптасқан. Яғни, «қазақстандықпыз» деген ұғым бар. Жалпы, қоғамда әділеттікке деген сұраныс бар. Біз сенім деңгейін көтеру арқылы бұл сұранысты жоғарлатып отыруымыз керек, - деді әлеуметтанушы.