Мемлекеттің байлығын арттыру үшін ауылға көңіл бөлу керек - Жигули Дайрабаев

10 Наурыз 2023, 22:27
1118
Бөлісу:
Мемлекеттің байлығын арттыру үшін ауылға көңіл бөлу керек - Жигули Дайрабаев
Фото: baigenews.kz

Бұл туралы «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев КТК телеарнасының тікелей эфирінде өтіп жатқан теледебатта мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айта кетерлігі, саяси пікірсайыс кезінде «Байтақ» партиясының мүшесі Айнұр Сәбитова егер ауыл шаруашылық өндірушілерге қатысты салық жойылса, бюджеті нөлге тең ауылдардың қалай өмір сүретіндігіне қатысты сұрады. 

Бұған біржақты баға беруге болмайды. Бүгінде республика бойынша 280 мыңнан астам әртүрлі формадағы шаруашылық жұмыс істейді. Ал мемлекеттің бюджетін білесіз, олар ел қазынасына түсетін 1 пайызға жетпейтін салық төлейді. Бұл мемлекет бойынша түкке де тұрмайды. Олай дейтініміз, бүгінде ауылға барып трактор айдаймын, сиыр сауамын дейтін адам кемде-кем, - деді «Ауыл» партиясының мүшесі. 

Сонымен қатар ол жастардың бәрі ауылдан үдере көшіп жатқанын алға тартты. 

Ауылда қазір жұмыс істейтін адам жоқ. Егер мемлекет қазір ауыл шаруашылығын қалпына келтіреміз, мемлекеттің байлығын арттырамыз десек, ауылға қатты көңіл бөлінуі керек, - деді Жигули Дайрабаев. 

Өзгелердің жаңалығы