Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан тарихының көптомдығы дайындалып жатқаны белгілі. Ерлан Қарин журналист, Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жеті томдық кітапта қандай жаңалықтар болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттік кеңесші көптомдықта Қазақстан ежелгі мемлекеттердің мекен еткен территориясы ғана емес, үлкен, өзіндік, тұтас бір өркениеттің ошағы мен даму орталығы болғаны көрсетілетін атады.
Осы уақытқа дейін осындай территорияда осындай мемлекет болды дегенді дәлелдеуге тырысып келдік. Біздің ойымызша, ол дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым, онсыз да белгілі. Қазақстан территориясында түрлі ежелгі мемлекеттер болды. Қазақстан мемлекетінің де тамыры тереңде. Бірақ сонымен қатар Қазақстан – тұтастай көшпелі мәдениеттің үлкен бір ошағы. Яғни біз тек осы территорияда ғана емес, біздің территориядан тыс аумақтарға өзіміздің мәдени, саяси ықпалымызды жүргізгенбіз. Бұл үлкен әдістемелік жаңалығымыз болады, - деді ол.
Сондай-ақ Ерлан Қарин Қазақстан мемлекеттілігін Сақ дәуірінен бастауға болатынын жеткізді.
Біз бұрын мемлекеттіліктің тамырын Түркі дәуірінен бастайтын болсақ, қазіргі зерттеулерге сәйкес, мемлекеттіліктің тамырын Сақ дәуірінен бастауға әбден болатыны көрсетіліп тұр. Және де Қазақстан территориясында бірнеше өркениеттік ареалдар болғанын көрсететін боламыз. Алтай аумағы, Жетісу аумағы, Арал маңы, Ботай мәдениеті деген секілді бірнеше аймақты көрсететін боламыз, - деді ол.
Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші екінші томда Қазақстан территориясында әртүрлі кезеңде өмір сүрген 14-15 түркі мемлекетінің тарихы жазылатынын, ал 3-томда отандық тарихнамада тұңғыш рет Алтын Орда дәуірі қамтылатынын айтты.
Оның айтуынша, көптомдықта шетелдегі архивтерден табылған бұрын соңды жарияланбаған жаңа деректер, құжаттар, карталар жарық көреді.
Еске салайық, бұған дейін балаларды қол жұмсауға итермелейтін кітаптар мен қосымшалар қандай болатынын жазған едік. Сондай-ақ, Ерлан Қарин QR-код арқылы 28 баланы өзіне қол жұмсаудан құтқарғанын айтты.