Мемлекеттік жиындардың бәрі қазақ тілінде өтуі тиіс - президентікке үміткер

25 Сәуір 2019, 16:30
2794
Бөлісу:
Мемлекеттік жиындардың бәрі қазақ тілінде өтуі тиіс - президентікке үміткер
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан алдағы кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауына түсетін Төлеутай Раxымбеков айтты.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV сьезі өтіп жатыр. Жиында алдағы 9 маусымында өтетін кезектен тыс президент сайлауына партия атынан түсетін үміткер анықталды. Ол - ауыл шаруашылығы саласының маманы Төлеутай Раxымбеков. 

Сьезд барысында үміткерге қазақ тілі мен жер туралы сауал қойылды. 

"Бірінші кезекте мемлекеттік жиындардың бәрі қазақ тілінде өту тиіс. Бірақ орыс тілін ұмытпағанымыз дұрыс. Сосын мүмкіндікке сәйкес ағылшын тілінде үйрену керек. Әрине, бірінші кезекте мемлекеттік тіл тұру тиіс. Қазақ тілін ұмытуға болмайды. Ал жер туралы сауалға келсем, жалға беруді қолдаймын. Алайда, шетелдік азаматтарға мүлдем сатуға болмайды", - дейді ол.

Мемлекеттік жиындардың бәрі қазақ тілінде өтуі тиіс - президентікке үміткер

Президент сайлауына "Ауыл" партиясынан түсетін үміткер сондай-ақ, Қазақстан 30 дамыған елдің қатарына қосылу үшін ауыл шаруашылығы саласын дамыту аса маңызды екенін айтып өтті. 

"Ауылдардың, әсіресе көпбалалы жанұялар, ауыл шаруашылығы мәселелері маған жақсы таныс. «Ауыл» партиясының алдағы сайлауда мүмкіндігі жоғары. Өйткені, xалықтың 43 пайызы ауылдық жерде тұрады. Көптеген атақты, танымал азаматтар ауылдан шыққан. Қазір мемлекет ауылға  қолдау көрсетіп келеді. Сонымен бірге, қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол, кәсіпорындар, өндіріс, ғылым тақырыбында да тәжірибем жетерлік. Осы ретте  Қазақстан 30 дамыған елдің қатарына қосылу үшін ауыл шаруашылығы саласын дамыту аса маңызды екенін айта кеткім келеді",- дейді Төлеутай Раxымбеков.
Өзгелердің жаңалығы