Мемлекеттік тіліміз еркін болсын десек, терминологиялық базаны қалыптастыру керек – Әділбек Қаба

23 Маусым 2021, 12:23
2112
Бөлісу:
Мемлекеттік тіліміз еркін болсын десек, терминологиялық базаны қалыптастыру керек – Әділбек Қаба
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық әдістемелік семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты - терминтанушы ғалымдар мен ІТ саласы мамандарының семинардағы пікірлерін ескере отырып, терминологиялық база қалыптастырудың халықаралық озық тәжірибелері мен инновациялық технологияларды зерделеу арқылы терминологиялық базаны жетілдіру.

Мемлекеттік тіліміз еркін болсын десек, терминологиялық базаны қалыптастыру керек – Әділбек Қаба

Бәрімізге белгілі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру туралы тапсырма берген болатын. Біз ана тілімді ғылым тіліне айналдыру үшін терминологиялық базасын жасаумыз керек. Мәселен, кез келген саланың термин сөздері жасалып, оның терминдері бекітілмейінше, біз жұмыстың әр салаларында ғылым жасай алмаймыз. Сондықтан да бұл мәселе қолға алынған, - деді Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба.

Іс-шараға филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы Сәбира Исақова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Сәрсенбай Құлманов және осы мәселемен айналысып жүрген жас ғалымдар қатысты.

Мемлекеттік тіліміз еркін болсын десек, терминологиялық базаны қалыптастыру керек – Әділбек Қаба

Оның айтуынша, қазіргі уақытта кез келген қызмет саласы шеттілдік терминдерді өз бетінше бұрып алады. Сайып келгенде салаларымызда терминологиялық түсініспеушіліктер кездесіп жатады. Алдын алу мақсатында сенімді ақпарат көзіне жүгіну қажет дейді.

Қазіргі уақытта орталықта termincom.kz сайтымыз бар. Әр азамат ғалымдардың, мамандардың пікіріне көз жүгірте отырып,  терминологиялық сұрақтарға жауаптарын табады. 1971 жылдан бастап бүгінге дейін 29 000 термин бекітілді. Ал осы уақытқа дейін әр сала бойынша 377 мың термин жинақталды, – деді ол.

Мемлекеттік тіліміз еркін болсын десек, терминологиялық базаны қалыптастыру керек – Әділбек Қаба

Сөзінше, жалпы қолданыстағы кеңес дәуірінен қалған термин сөздер ескірген. Оларға жаңарту жұмыстары 2020 жылдан бастап жүргізіліп келеді.

Кеңес заманынан келе жатқан терминнің бірқатары ескірді. Олар өткен ғасырдың еншісінде қалып қойды. Тағы бір легі жаңа технологиялардың келуімен жаңартуды қажет етеді. Осы жағдайларға байланысты қайта мороторинг жариялап, жаңғырту мәселесін қолға алдық. Бұған өзімізге арналған әдістемеміз бар. Былтырғы жылдан басталған сұрыптаулардан кейін 377 мың терминнен 348 мың термин қалды. Бұл өте ауқымды өзгеріс, - деді Әділбек Қаба.

Олжас АДАЙ


Өзгелердің жаңалығы