«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы жарияланды

13 Мамыр 2019, 12:04
3758
Бөлісу:
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы өтеді.

Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.

Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.

Конкурс ережелерімен мына жерден танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы