Мемлекеттік сатып алуда отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп жатырмыз - Қаржы министрі

21 Шілде 2020, 10:25
1519
Бөлісу:
Мемлекеттік сатып алуда отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп жатырмыз - Қаржы министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы министрлігі реттелетін мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамтуды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы онлайн Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Біріншіден, мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес, Үкімет ұлттық режимнен (шетелде өндірілген тауарларды сатып алуға тыйым салу), оның ішінде отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін алып қоюларды белгілей алады. Ішкі нарықты қорғау мақсатында жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті орган (ИИДМ) автомобильдерге, трансформаторларға және кабель өнімдеріне алып қою белгіледі, - деді министр.

Оның айтуынша, техникалық ерекшеліктерді әзірлеу кезінде тапсырыс берушілер сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің ұлттық стандарттарын, олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарын көрсетуге міндетті. 

Жиһаз өнімдерін және жеңіл өнеркәсіп тауарларын мемлекеттік сатып алу біліктілік алдындағы іріктеу арқылы отандық тауар өндірушілер арасында ғана жүргізіледі. Мұнда өнім берушіні таңдаудың негізгі өлшемшарты индустриялық сертификаттың болуы болып табылады. Бұл салаларға жарты жылда мемлекеттік сатып алу арқылы 32 млрд теңге мөлшерінде қолдау көрсетілді. Мемлекеттік сатып алудағы ең көп үлесті (шамамен 80 %) құрылыс саласы құрайтынын ескере отырып, көрсетілген шараны сапалы іске асыру осы саладағы жергілікті қамтуды дамытуда айтарлықтай әсер береді, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, жиһаз бен жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатып алу кезінде өнім берушілерде индустриялық сертификаттың болуы және жергілікті құрылыс материалдарын пайдалануы бойынша осындай шаралар квазимемлекеттік секторлардың сатып алуында қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы