Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің жүргізген мониторнигіне сүйенсек,«Б» класының жеңіл автокөліг орташа алғанда 4,6 млн теңге тұрады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов айтты.
Сондай-ақ департамент басшысы өткен жылы мемлекеттік сатып алу арқылы 4,5 мың автокөлік алынғаны туралы дерек келтірді.
Президент енгізген мораторий нәтижесінде қызметтік көлік сатып алу көлемі үш есе азайды. Өткен жылы 15 млрд-тың жеңіл көлігі сатып алынған. Қалғаны арнайы техника, - дейді Сәбит Ахметов.
Сондай-ақ, департамент басшысы жеңіл автокөлікті сатып алушылардың көбі ішкі істер органдары, ІІМ, полиция департаменті екенін атап өтті. Ал арнайы техниканың басым бөлігін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, төтенше жағдайлар қызметіне қажетті техниканы құрайды.
Сәбит Ахметов президент жариялаған мораториге қарамастан қызметтік көлік сатып алған әкімдіктерге қатысты да сұраққа жауап берді.
Бірді-екілі факт болғанымен, көліктер нормативтік құқықтық актіде көрсетілген сипаттамаға сай сатып алған. Ал жекелеген жағдайларға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, - дейді ол.